24.10.2007, 13:24 1487

Шығыс Қазақстан облысында көлік апаты салдарынан үш адам зардап шекті, олардың біреуі ресейлік әйел

Шығыс Қазақстан облысында көлік апаты салдарынан үш адам зардап шекті, олардың біреуі ресейлік әйел

Семей. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында көлік апаты салдарынан үш адам зардап шекті, олардың біреуі - Ресей Федерациясының азаматшасы, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Семейдің қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Төтенше жағдайлар басқармасының ақпараттарына сүйенсек, 23-қазанда 16 сағат 20 минутта Омск - Майқапшағай тасжолында "ГАЗ-31021" көлігі мен "ВАЗ-2106" көлігі соғысқан.

"Волгада" Ресейдің азаматтары келе жатқан, бір әйел бас жарақатын алды. Екінші көлікте 53 және 33 жастағы екі әйел жарақаттанған",- деп түсіндірді төтенше жағдайлар басқармасындағылар.

Зардап шеккендер медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны