07.07.2009, 15:00 2983

Шығыс Қазақстан облысында көмір тиелген төрт вагон аударылды - ТЖБ

Шығыс Қазақстан облысында көмір тиелген төрт вагон аударылды - ТЖБ

Семей. 7 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында көмір тиелген төрт вагон аударылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады

Басқарманың хабарлауынша, "4 шілдеде сағат 14.45-те Курчатов қаласынан 10 шақырым жерде "Балапан - транс - коллеги" ЖШС-іне тиесілі теміржол бөлігінде көмір тиелген төрт вагон аударылды".

"Апаттың шығуына аптап ыстықтан шойын жолға ақау келуі әсер еткен",- деп хабарлайды басқармадағылар.

Темір жол 5 шілдеде сағат 08.15-те қалпына келтірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны