16.02.2007, 18:50 2839

Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдарының басшыларының жасанды "визиткаларын" жасау оқиғалары жиілеп кетті

СЕМЕЙ. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында ішкі істер органдарының бірінші басшыларының жасанды "визиткаларын" жасауға және таратуға қатысты тұлғаларды іздеуге байланысты жедел - алдын-алу шаралары басталып кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, соңғы кезде ішкі істер органдарының бірінші басшыларының, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті бастығының жасанды визитка карточкаларын жасау деректері жиілеп барады. "Халық арасында осындай "визиткаларды" иемденген тұлға заңды жауапкершіліктен, әсіресе әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылықтан жалтарып кетеді деген қате пікір тараған",- деді баспасөз қызметінің басшысы Лариса Поломошнова.

Ол жасанды "визитка" бланктерін жасау және тарату заңмен қудаланатындығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны