04.02.2009, 16:53 2878

Шығыс Қазақстан облысында күн райы ахуалына байланысты жолдар екі тәуліктен бері жабылған

Шығыс Қазақстан облысында күн райы ахуалына байланысты жолдар екі тәуліктен бері жабылған

Өскемен. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында күн райы ахуалына байланысты жолдар екі тәуліктен бері жабылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"2 ақпан күнгі кештен бері қар көшкіні түсу қаупіне байланысты Өскемен - Горная Ульбинка - Северное, Өскемен - Серебрянск - Зыряновск бағыттары бойынша автожолдар жабылды. Жолдарда көріну қашықтығының төмендеуіне, қар мен боранға байланысты Өскемен - Алматы тас жолының Қалбатау ауылына дейінгі бөлігі әлі жабулы қалпында", - деп хабарлайды ТЖД.

Сондай-ақ, қар көшкіні түсу қаупіне байланысты 3 ақпан күнгі сағат 22.30-дан бері Өскемен -Тарғын - Самарское бағыты жабылды. Қатон-Қарағай ауданында өткен түні жергілікті маңызы бар Зыряновск-Путинцево және Зыряновск-Богатырево жолдары жабылды. Жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны