16.01.2009, 10:59 1507

Шығыс Қазақстан облысында күн райы ахуалының нашарлауына байланысты жарықсыз қалған ауылдарға жарық берілді

Шығыс Қазақстан облысында күн райы ахуалының нашарлауына байланысты жарықсыз қалған ауылдарға жарық берілді

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында күн райы ахуалының нашарлауына байланысты жарықсыз қалған ауылдарға жарық берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, кеше сағат 07.00-де күшті жел мен қардың салдарынан Жарма ауданының сегіз ауылында: Алексеевка, Малое Қарасу, Громовка, Арқалық, Кезеңсу, Суық-Бұлақ, Карповка, Терестанбұлақ ауылдарында жарық апатты жағдайда үзілді. Сондай-ақ, Шемонаиха ауданының Рассыпное, Михайловка, Заречное, Камышинка ауылдары мен Шемонаиха қаласында электр қамтамасыздығы үзілді. Жалпы алғанда 2743 тұтынушы жарықтан қағылды.

Сағат 18.00-де жарық қайта толық берілді.

Сондай-ақ, кеше ШҚО Бесқарағай ауданында қар мен күшті желдің салдарынан жарық апатты жағдайда үзілді.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында 14 қаңтарда сағат 19.00-де қар мен күшті желдің салдарынан жарық апатты жағдайда үзілді, соның салдарынан Бесқарағай, Семиярка, Кривинка, Сосновка, Ново-Николаевка, Бозтал, Банкөл, Глуховка және Бірлік ауылдарының тұрғындары жарықсыз қалды.

14 қаңтардағы сағат 23.40-тағы жағдаймен жеті ауылда жарық жарым-жартылай берілді. Глуховка және Бірлік ауылдарындағы қалпына келтіру жұмыстары 15 қаңтарда сағат 09.00-де басталады. Төтенше жағдайды жоюға Ертіс АЭЖ апаттық бригадасының 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны