24.07.2006, 16:30 3045

Шығыс Қазақстан облысында күшті желдің салдарынан электр құрылғылары зақымданып, бірнеше елді-мекен жарықсыз қалды

АСТАНА. 24 шілде. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында қатты соққан жел электр құрылғыларын зақымдап, бірнеше елді-мекенді жарықсыз қалдырды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі Министрліктің баспасөз-қызметі

Күшті жел бүгін түнде ШҚО Зырянов ауданында болған. Салдарынан 6-10 кВт электр құрылғыларының бірнеше желілері үзілген.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Тұрғысын, Жаңа Бухтарма, Соловьева, Березовка, Подорленок,Феклистовка елді-мекендерімен Зырьянов қаласы жартылай электр энергиясыз қалды.

"Жапа шеккендер мен құрбан болғандар",- жоқ деп хабарлайды баспасөз- қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны