22.02.2007, 15:42 2935

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар кен орнындағы үйінді астынан екі адамды алып шықты, олардың біреуі көз жұмды

СЕМЕЙ. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Сокольский кен орнында құлаған үйінді астынан екі адамды алып шықты, олардың біреуі алған жарақаттар салдарынан көз жұмды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, іздеу жұмыстары үш сағаттан астам уақытқа созылған. Құтқарушылар кеннің екі жұмысшысын тапты. Олардың біреуі - 26-жастағы проходчик - ауруханада көз жұмды. Оның 28 жастағы серіктесі екі аяғы бірдей сынып, ауруханаға жеткізілді. Баспасөз қызметінің атап көрсеткендей, үйінді астында тек екі адам ғана қалған.

Қазіргі уақытта, оқиға болған жерде оқиғаның мән-жайын анықтайтын комиссия жұмыс істеуде. Баспасөз қызметінің басшысы Наталья Заплетнюктің айтуынша, Сокольский кенішіндегі тау жыныстарының құлауы соңғы уақыттарда жиілеп барады. Мысалы, өткен жылы осы сияқты 10-нан астам оқиға тіркелген. Ал осы жылы бұл бірінші оқиға.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында "Қазцинк" АҚ игеріп жатқан Сокольский кен орнында 6 сағат 11 минутта тау жыныстары опырылып түскен. Қазір оқиға орнында тау-кен саласының құтқарушылары взводының 10 адамы жұмыс істеуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны