23.04.2010, 09:37 1271

Шығыс Қазақстан облысында лай көшкін жүру салдарынан жолаушылар пойызының қозғалысы алты сағаттан астам іркіліп қалды

Шығыс Қазақстан облысында лай көшкін жүру салдарынан жолаушылар пойызының қозғалысы алты сағаттан астам іркіліп қалды

Астана. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында лай көшкін жүру салдарынан жолаушылар пойызының қозғалысы алты сағаттан астам іркіліп қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 22 сәуірде сағат 10.21-де " Тургусун - Заводинка теміржол өткелінің 6-шы пикетінде 155-ші шақырымда тау баурайынан теміржол төсеміне көлемі 1400 текше метрлік лай көшкіні түсті. Соның салдарынан Зыряновск - Защита бағытындағы 5 вагонды №642 жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ".

ТЖМ мәліметінше, сол күні сағат 17.00-де теміржол төсемі тазартылып, пойыздардың қозғалысы жанданды.

Төтенше жағдайды жоюға теміржол қызметінің 2 техникасы мен 37 адамы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны