25.12.2009, 10:10 2648

Шығыс Қазақстан облысында Омск - Майқапшағай тас жолында болған жол апатынан үш ҚХР азаматы зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысында Омск - Майқапшағай тас жолында болған жол апатынан үш ҚХР азаматы зардап шекті

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында Омск - Майқапшағай тас жолында болған жол апатынан үш ҚХР азаматы зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Зайсан ауданында Омск - Майқапшағай тас жолының 1304-ші шақырымында 24 желтоқсанда сағат 14.30-да "Ауди" және "Тойота" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 34 жастағы "Ауди" жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты; "Тойотаның" жүргізушісі - 43 жастағы ер адам мен "Ауди" көлігінде отырған үш ҚХР азаматы ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Жамбыл ауданында Алматы-Бішкек тас жолының 47-ші шақырымында 24 желтоқсанда сағат 12.00-де "Мицубиси" жүргізушісі ағашқа соғылды.

Апат салдарынан көлікте отырған төрт жасар бала мерт болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны