04.10.2006, 09:40 3027

Шығыс Қазақстан облысында өрт 100 шақты үйді жайпап жіберді; құрбан болғандар да бар

АСТАНА. 4-қазан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында өрт алдын-ала мәлімет бойынша, 92 үйді жайпап жіберді; екі адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, далалық өрт кеше күндіз Бегенев орман шаруашылығында Қошқарағай учаскесінеде шыққан. Алайда, тілсіз жау қатты желдің салдарынан үш бағытта, орманға қарай да жайылып кетті. Кешке қарай өрт беген орман шаруашылығына қарай ауыз салды. Ал онда 570 адам тұратын 110 үй болған. "Алдын-ала мәліметке қарағанда 92 жай үй өртеніп кеткен, 29 үй құтқарылды",- деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметі.

"400-дей тұрғын орман шаруашылығынан 3 шақырым жердегі Беген ауылына көшірілді",- деп хабарлайды мекеме. Адамдар мектеп ғимараты мен жай үйлерге орналастырылды.

Таңертеңге таман іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі қарт адамның мәйіті табылды. Сондай-ақ, орман шаруашылығының бір тұрғыны 1-2 дәрежелі күйікпен Большая Владимировка ауылының ауруханасына жатқызылды.

Оқыс оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Өртті сөндіруге 214 адам мен 52 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны