30.06.2008, 09:24 2842

Шығыс Қазақстан облысында өрттен екі адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында өрттен екі адам қаза тапты

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында өрттен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы Глубоковское ауданындағы Прогресс кентінде 29 маусымда 07 сағат 19 минутта 70 шаршы метр аумақта шаруашылықы жайлары мен жай үй өртенді. Өрт салдарынан 11 жасар ұл мен 53 жастағы ер адам қаза тапты.

Өрт 29 маусымда сағат 13.00-те ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны