19.09.2011, 11:00 3552

Шығыс Қазақстан облысында тағы дала өрті шықты

Шығыс Қазақстан облысында 18 қыркүйек күні 300 га дала жанып кетті.

Астана. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында тағы дала өрті шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында 18 қыркүйек күні 300 га дала жанып кетті.

"18 қыркүйек сағат 8.30-да Шығыс Қазақстан облысы Семей ауданы Новобаженовка ауылдық округі Терең Құдық учаскесінде дала өрті болды. Өрт 19 қыркүйекте сағат 1.10-да ауыздықталды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, даланың өрт шалған аумағы шамамен 300 га-ны құрайды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны