15.12.2006, 10:48 2763

Шығыс Қазақстан облысында үш адам көмірқышқыл газынан уланып, екеуі қаза тапты

АСТАНА. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында үш адам көмірқышқыл газынан уланып, екеуі қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқыс оқиға Шемонаиха ауданының Кандыков ауылында болған. "Бір жай үйде көмір жағатын пешті тұтыну ережелерін бұзуға байланысты үш тұрғын көмірқышқыл газынан уланды. 31 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырса, 44 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны