21.12.2009, 15:02 2813

Шығыс Қазақстан облысында үш жасар бала оттықпен ойнаймын деп күйікке шалдықты

Шығыс Қазақстан облысында үш жасар бала оттықпен ойнаймын деп күйікке шалдықты

Семей. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында үш жасар бала оттықпен ойнаймын деп күйікке шалдықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Прииртышское ауылында кеше сағат 22 шамасында болған. Бала оттықпен ойнап отырған. Соның салдарынан баланың үстіндегі футболкасы жанды.

"Семейдегі облыстық балалар ауруханасының дәрігерінің айтуынша, бала қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Сәбидің іші мен кеудесі үшінші дәрежелі күйікке шалдыққан", - деп хабарлайды департаменттегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны