07.12.2009, 09:29 1538

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің сейсмология институтының мәліметінше, "6 желтоқсанда сағат 18.33-те Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл көлінің жағасында энергетикалық классы К=11,1 болатын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 542 шақырымда болды".

"Жер асты дүмпулері Үржар ауданының Көктал кентінде, Бұқтырма су қоймасы мен Өскемен маңында 2 - 3 балл қуатпен сезілді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ мәліметінше, "құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны