22.01.2010, 09:22 1700

Шығыс Қазақстан облысында жер үйде газ баллонының жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысында жер үйде газ баллонының жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті

Астана. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында жер үйде газ баллонының жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шығыс Қазақстан облысындағы Кожохово кентіндегі бір жер үйде 21 қаңтарда сағат 07.55-те газ баллоны жарылып, бұдан кейін 6 шаршы метр аумақта үйдің төбе жабыны мен қабырғалары тұтанды", - деп хабарлайды ТЖМ.

Соның салдарынан үш адам күйікке шалдығып ауруханаға жатқызылды. Өрт Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 8 адамының күшімен 08 сағат 45 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны