22.09.2006, 09:44 2833

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам мерт болып, екеуі жараланды

АСТАНА. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам мерт болып, екеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Апат 21-қыркүйекте Аягөз ауданында, Қарағанды-Боғаз тас жолының 727-ші шақырымында болды. "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды.

Апат салдарынан "Ауди" көлігінде отырған бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырса, тағы екі адам, соның ішінде екі жасар бала ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны