09.06.2008, 09:38 1268

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, жеті адам жараланды

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, жеті адам жараланды

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, жеті адам жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 8 маусымда 17 сағат 50 минутта Омск - Майқапшағай тас жолында Қалбастау ауылынан бір шақырым жерде "Ауди-80" және "ДЭУ" көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан "ДЭУ" көлігінде отырған үш жасар қыз мерт болды. "ДЭУ" жүргзушісі мен оның үш жолаушысы, сондай-ақ, "Ауди-80" көлігінің үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны