16.09.2008, 09:43 1324

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан Қытайдың төрт азаматы зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан Қытайдың төрт азаматы зардап шекті

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан Қытайдың төрт азаматы зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында Омск - Майқапшағай тас жолының 1258-ші шақырымында 15 қыркүйекте "Мицубиси Паджеро" көлігінің жүргізушісі "КамАЗ" көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан "Мицубиси Паджеро" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы -Қытай азаматтары түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны