06.03.2007, 12:12 3067

Шығыс Қазақстан облысында жол апаттарынан 36 адам мерт болды

СЕМЕЙ. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында 2007-жылдың басынан бері жол апаттарынан 36 адам мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері облыста 186 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 36 адам опат болып, 218 адам жараланды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әрбір алтыншы апат жолдың қарсы бетіне шығып кеткен жүргізушілердің кінәсынан болған. Сонымен бірге апаттардың басым бөлігіне мас күйінде тізгінге отырған жүргізушілер айыпты. "Жол полициясы басқармасының қызметкерлері күн сайын мас жүрген 10-15 жүргізушіні құрықтайды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Апаттардың санын азайту және жолдарда тәртіп орнату үшін жол полициясының қызметкерлері әрбір жұма мен сенбі сайын күшейтілген шұғыл алдын алу шараларын өткізе бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны