02.06.2008, 09:45 1171

Шығыс Қазақстан облысында жол көлік апаты салдарынан бір адам қаза болып, сегіз адам жарақаттанды

Шығыс Қазақстан облысында жол көлік апаты салдарынан бір адам қаза болып, сегіз адам жарақаттанды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында жол көлік апаты салдарынан бір адам қаза тауып, сегіз адам жарақаттанды,деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ ақпараты бойынша Өскемен -Самарское көлік жолында 1 маусымда сағат 10.00 "Тойота" және "ВАЗ" автокөліктері соқтығысты. Жол көлік апаты салдарынан "Тойота" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал "ВАЗ" көлігінің екі жолаушысы және "Тойота" көлігінің алты жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны