09.01.2007, 09:52 1618

Шығыс Қазақстан облысында жолдағы апаттан бір адам мерт болып, төртеуі жараланды

АСТАНА. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында жолдағы апаттан бір адам мерт болып, төртеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, апат 8-қаңтарда болған. Өскемен- Рахмановские ключи тас жолының 185-ші шақырымында "ВАЗ-21063" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-21093" автокөлігімен соғысты. Жол апаты салдарынан "ВАЗ-21063" автокөлігінің бір жолаушысы жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырса, тағы төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны