19.03.2010, 15:44 3384

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардан тасқын болу қаупіне байланысты 5,5 мың адам көшірілді

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардан тасқын болу қаупіне байланысты 5,5 мың адам көшірілді

Астана. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардан тасқын болу қаупіне байланысты 5,5 мың адам көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Ұлан ауданының Алмасай ауылында 18 наурызда ауа температурасының күрт көтерілуіне және қардың ери түсуіне байланысты 18 үй-қора-жайды су алды. Төтенше жағдайды жоюға жергілікті тұрғындар мен 4 техника тартылды. Адамдар көшірілген жоқ".

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, "күннің күрт жылыуына байланысты Ұланка өзеніндегі су деңгейі көтерілді, соның салдарынан Завидное ауылы (123 үй - 337 адам көшірілді), Казачье ауылы (97 үй - 341 адам көшірілді), Герасимовка ауылы (144 үй - 228 адам көшірілді) тасқын аймағында қалды".

Төтенше жағдайды жоюға 48 адам мен 20 техника тартылды.

Сондай-ақ, Зайсан ауданындағы Шілікті ауылдық округінде 17 наурызда Тасбастау ауылындағы 34 үй-қора-жайды су алды, тұрғындар туыстарының үйлері мен мектеп ғимаратына көшірілді. Күршім ауданындағы Қалғұты ауылында 50 үйді су алды. Төтенше жағдайды жоюға 117 адам мен 6 техника тартылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, "Тарбағатай ауданында да тасқын ахуалы ушыға түсуде, атап айтсақ, 19 елдімекенде: Ойшілік, Құмкөл, Қарғыбау, Қызыл жұлдыз, Көкжол, Көкжыра, Қызыл кесік, Өкпеті, Көктүбек, Ахметбұлақ, Сарыөлең, Қамысты, Асусай, Жетіарал, Танамырза, Есім, Шыбынды, Көккемер, Қарасу, бұл ауылдарда 19 041 адам тұрады".

Атап айтсақ, Көкжыра ауылын су алды, Танамырза ауылынан 300 адам көршілес Ақсуат ауылына көшірілген. Тасқын суы Кесік ауылы арқылы да өтуде, ауылдағы көпірдің тіреуін су шайып кеткен. Елдімекендердің арасындағы көлік байланысы қиындап, жарық ауық-ауық үзілуде. Елдімекендерден көшірілген адамдардың саны 4220 адамға жетті.

Төтенше жағдайды жоюға 998 адам мен 123 техника тартылды.

Сондай-ақ, ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысында да тасқын жалғасуда. " Алакөл ауданының Қабанбай ауылында 18 наурызда сағат 11.00-де тасқын суы 61 үйді алды".

"Төтенше жағдайды жоюға жергілікті тұрғындардан 37 адам мен 7 техника тартылды, Алматы облыстық ТЖД жеке құрамының 6 адамы мен 2 техникасы да барды. Арықтар тазартылып, аулаларды алған су сорғызылды, сағат 18.00-де аталған іс-шаралардың арқасында аулаларға барып жатқан су тиылды. Су алу қаупі жойылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Қаратал ауданы Жылыбұлақ ауылындағы тасқын қаупі жойылды, онда 11 наурызда бөгет жарылып, 140 үй судың ішінде қалған болатын. Кешегі сағат 18.00-дегі жағдаймен бөгетті бекіту жұмыстары аяқталды.

Төтенше жағдайды жоюға 10 адам мен 8 техника тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны