01.02.2010, 09:40 1247

Шығыс Қазақстан облысындағы бір кентте жер үйдегі өрттің салдарынан ер адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысындағы бір кентте жер үйдегі өрттің салдарынан ер адам қаза тапты

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысындағы бір кентте жер үйдегі өрттің салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Глубоковское ауданы Ушаново кентінде Зеленая көшесіндегі жер үйде 31 қаңтарда сағат 21.20-да 25 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 33 жастағы ер азаматтың мәйіті табылды.

Өрт Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 18 адамының күшімен 00 сағат 10 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны