06.05.2009, 16:31 2852

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінде су деңгейі күрт көтеріледі деп күтілуде - ТЖД

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінде су деңгейі күрт көтеріледі деп күтілуде - ТЖД

Өскемен. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінде су деңгейі күрт көтеріледі деп күтілуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ШҚО ТЖД хабарлады.

"Гидролог мамандардың мәлімдеуінше, 6 - 7 мамырда Бұқтырма өзенінде су деңгейі күрт көтеріледі деп күтілуде, соған байланысты тасқын болуы мүмкін. Ақпараттан Зыряновск және Қатон-Қарағай ауданының тұрғындары хабардар болды", - делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, нөсер салдарынан Күршім ауданында Күршім өзеніндегі су деңгейі көтерілді. Соның салдарынан 5 мамыр күні таңертең салынып жатқан бөгет арқылы өткен су Күршім ауылындағы Приречная көшесінде орналасқан үш жер үйдің шаруашылық жайлары мен бақшасын су алды.

"Үй хайуанаттары зардап шеккен жоқ. Бөгетті бекіту жұмыстары жүргізілуде. Оған 6 жүк тиегіш, 6 бульдозер, 15 автокөлік пен 150 адам жұмылдырылған", -деп хабарладйы ТЖД.

Департамент мәліметінше, Күршім өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендей бастады, тасқын қаупі жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны