16.05.2007, 10:38 1584

Шығыс Қазақстан облысындағы Қандысу қоймасындағы су деңгейі қатерлі межеге жетті

ӨСКЕМЕН. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Өткен тәуліктегі нөсерге байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы Қандысу қоймасындағы су деңгейі күрт көтеріліп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар депуартаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қандысу қоймасындағы су деңгейі қатерлі меже - 43 млн текше метрге жетті.

"Келіп жатқан су көлемі (секундына 23 текше метр) ағып кететін көлемнен төмен (секундына 20 текше метр)",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Бөгет бұзылған жағдайда Бозша, Маңырақ, Жетіарал және Ақжар елдімекендері тасқын аймағында қалуы ықтимал",- деп хабарлайды департамент.

Тасқын болу қаупі бар аумақта 15 мыңдай адам тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны