03.02.2010, 10:29 1607

Шығыс Қазақстан облысындағы "Қазақмыстың" Орлов кен орнында екі жұмысшы мерт болды

Шығыс Қазақстан облысындағы "Қазақмыстың" Орлов кен орнында екі жұмысшы мерт болды

Семей. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысындағы "Қазақмыстың" Жезкент тау-кен байыту комбинатының Орлов кен орнында екі жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Бородулиха ауданында "Қазақмыс" корпорациясының Жезкент тау-кен байыту комбинатының Шығыс шахтақұрылысы басқармасында орналасқан Орлов кен орнында болған.

"Жұмыс орнына кетіп бара жатқан сәтте жарылғыш материал өзіндігінен жарылып кеткен. Соның салдарынан 39 жастағы жер астында істейтін монтаждаушы оқиға орнында мерт болып, 28 тағы бір монтаждаушы Бородулиха ауылдық ауруханасында қайтыс боғлан. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарладйы ТЖД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны