14.11.2006, 13:22 2640

Шығыс Қазақстан облысындағы "Майқапшағай" бекетінде ҚХР азаматынан 500 грамм радиоактивті цезий тәркіленді

АСТАНА. 14 қараша. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысындағы "Майқапшағай" бекетінде ҚХР азаматынан 500 грамм радиоактивті цезий тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі миистрлік хабарлады

Министрлік мәліметтерінше, кеше қарашаның 13-і "Майқапшағай" кеден бекетінде ("Зайсан" КПП) сағат 10-нан 49 минут кеткенде Қатайдан Қазақстанға бет алған ж автобустағы жолаушылардың заттарын тексеру барысында Қытай азаматы Жингыс Мерейдың сөмкесінен салмағы 500 грамм метал кесегі табылған. Одан сағатына 22,67 мк3 радиоактивті зат бөліп шығарады.

Тексеру барысында металдың Сs -137 (Цезий -137) екендігі анықталды. Одан тарайтын сәуле радиоактивті қауіпсіздік межесінен біршама көп. Қазіргі кезде метал қорғасын жәшікте сақтаулы. Жақын арада ол Өскемендегі Үлбі метал зауытына тексеруге жөнелтілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны