08.02.2007, 14:19 2970

Шығыс Қазақстан облысындағы мейрамханада оқ атқан алматылық құрықталды

АСТАНА. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласының мейрамханасында оқ атып, бір адамды жарақаттаған Алматының тұрғыны құрықталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Семей қаласының ІІБ бастығының орынбасары Мұратжан Шакеров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"4-ақпанда түнгі сағат екіде Ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне қала мейрамханаларының бірінде атыс болғандығы туралы хабар келіп түсті. Біздің жедел топ оқиға орнына келгенде, мейрамханаға келушілердің біреуі жарақаттанып, ауруханаға жөнелтілгені белгілі болды",- деді М. Шакеров.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті Өскемен қаласында құрықталды. Оның 33 жастағы Алматы тұрғыны екендігі, бұрын адам өлтіргені үшін сотталғандығы белгілі болды. Ұсталған азаматты тінту барысында одан "Байкал" маркалы тапанша мен оқу гранатасы табылды.

М. Шакеровтың сөздеріне сүйенсек, мейрамханадағы жанжал екі адамның бір-біріне жол бермей қойғандығынан шыққан. Аяғы төбелеске әкеп соқтырған. Мас күйіндегі күдікті тапаншасын алып шығып бір рет аспанға, екінші рет өзін ренжіткен азаматты атқан да, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Жәбірленуші қаладағы жоғарғы оқу орнының 25 жастағы студенті. Ол ішіне тиген оқтан жарақаттанып, ауруханаға жетікізілді",- дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта, қолға түскен алматылық уақытша тергеу изоляторына қамалды. Аталмыш оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабы бойынша (Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны