28.01.2010, 10:26 1566

Шығыс Қазақстан облысындағы Солнечный кентінде мекемелер мен тұрғын үйлердегі су қамтамасыздығы жүйелері қалпына келтірілді - ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысындағы Солнечный кентінде мекемелер мен тұрғын үйлердегі су қамтамасыздығы жүйелері қалпына келтірілді - ТЖМ

Астана. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысындағы Солнечный кентінде мекемелер мен тұрғын үйлердегі су қамтамасыздығы жүйелері қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 27 қаңтардағы сағат 18.00-дегі жағдаймен мекемелер мен тұрғын үйлердегі су қамтамасыздығы мен кәріз жүйелері қалпына келтірілді. Жылу трассасының 750 метр құбыры көмілді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы Солнечный кентінде 4 түзету мекемесі мен 8 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары жылусыз қалды.

"Шығыс Қазақстан облысындағы Солнечный кентінде 12 қаңтарда күшті жел электр жалғастыру желілерін үзіп кетті. Соның салдарынан жылу құбыры қатып, 4 түзету мекемесі мен 8 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары жылусыз қалды ", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқыс оқиғаны жоюға ҚРТЖМ ШҚО ТЖД-нің жеке құрамының 4 адамы мен 2 техникасы, "Еңбек-Өскемен" РМК 83 адамы мен 10 техникасы, 9 жылжымалы және стационарлық дәнекерлеу аппараты жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны