16.07.2009, 09:53 1346

Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарында кеше күшті жел мен найзағайға байланысты үзілген электр қамтамасыздығы қалпына келтірілді

Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарында кеше күшті жел мен найзағайға байланысты үзілген электр қамтамасыздығы қалпына келтірілді

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарында кеше күшті жел мен найзағайға байланысты үзілген электр қамтамасыздығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертеңгі сағат 07.00-дегі жағдаймен электр қамтамасыздығы толық қалпына келтірілді. Төтенше оқиғаны жоюға "Шығыс Қазақстан энергетикалық компаниясы" АҚ-ның аудандық электр желілерінің жөндеуші топтарының 45 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында күшті жел мен найзағайдың салдарынан 8 мыңнан астам тұтынушыға электр қуаты берілмей қалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертеңгі сағат 07.00-де күшті жел мен найзағайдың салдарынан Үржар ауданында Үржар және Науалы ауылдарында (25 тұтынушы); Большенарым ауданында - Язевка (20 тұтынушы) ауылында; Ұлан ауданында Масьяновка, Сурово, Ахмирово және Молодежный ауылдарында (200 тұтынушы); Жарма ауданында Ново-Тоубянка, Кезеңсу, Малое Қарасу және Белтерек (6780 тұтынушы); Бородулиха ауданында Михайличенко ауылында (240 тұтынушы); Глубоковское ауданында Опытное поле ауылында (792 тұтынушы); Бесқарағай ауданында Рамадан ауылында (150 тұтынушы); Семей қаласында Гранитный және Мұздыбай ауылдары мен саяжайларда (99 тұтынушы) және Өскемен қаласында (5 тұтынушы) электр жарығы апатты жағдайда үзілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны