05.10.2006, 09:37 3363

Шығыс Қазақстан облысының Бегенев орман шаруашылығындағы өрт сөндірілді

АСТАНА. 5-қазан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Бегенев орман шаруашылығындағы өрт сөндірілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, далалық өрт кеше күндіз Бегенев орман шаруашылығында Қошқарағай учаскесінеде шыққан. Алайда, тілсіз жау қатты желдің салдарынан үш бағытта, орманға қарай да жайылып кетті. Кешке қарай өрт Беген орман шаруашылығына қарай ойысты.

Мекеменің нақтылаған мәліметтеріне сәйкес, өрттің жалпы аумағы 7 мың гектарды құрады. Оның 300 гектары орманды аумақ, 6700 гектары - дала. Беген орман шаруашылығында (барлығы 121 үй мен 420 адамы бар) 87 үй өртеніп кетті. Өрт салдарынан 4 адам қаза тауып, 5 адам 1 және 2- дәрежелі күйікпен Большая Владимировка ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқыс оқиға аймағынан 416 адам көшірілді.

Өрт 4-қазанда 13 сағат 5 минутта шоғырландырылып, 18 сағат 30 минуттта сөндірілді. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға 214 адам мен 45 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 122 адамы мен 29 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны