15.04.2009, 15:55 3056

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында Ертіс өзенінің арнасында мұз жиналу салдарынан Семиярка ауылы су ішінде қалды

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында Ертіс өзенінің арнасында мұз жиналу салдарынан Семиярка ауылы су ішінде қалды

Семей. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында Ертіс өзенінің арнасында мұз жиналу салдарынан Семиярка ауылы су ішінде қалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Семей қаласының судан құтқару қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, 11 сәуірде сағат 21.30-да өзендегі су деңгейі 5,5 метрден асуы салдарынан Семиярка ауылындағы 30 шақты үй су ішінде қалды. "Тұрғындар шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа көшірілді. Ауылдағы судың деңгейі 1 метрге жетті", - деп хабарлайды мекемедегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны