01.06.2007, 17:16 3064

Шығыс Қазақстан облысының Куленковка аулында дүкен өртеніп кетті, құрбан болғандар жоқ

СЕМЕЙ. 1 - маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Куленковка аулында дүкен өртеніп кетті, құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру қызметі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жалын бірнеше минуттар ішінде ғимараттың ішкі бөлігін түгелдей шарпыған. "Өртті толығымен сөндіруге төрт сағат уақыт кетті, тілсіз жауға тіптен таңертеңгі жаңбыр да септігін тигізе алмаған",- деп түсіндірді өрт сөндірушілер.

"Өртті сөндіруге жеке құрамның 8 адамы жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі қазір анықталуда",- деп хабарлады өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасарының аға көмекшісі Алексей Майер.

Оның айтуынша, өрттің шығу себебін тексеріп жатқан анықтаушылар үш болжам айтып отыр. Олардың бірі - электр желісіне әсер еткен найзағай оты болуы ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны