02.04.2007, 10:07 2887

Шығыс Қазақстан облысының үш ауылында күшті желден болған апаттан тоқ үзілді

АСТАНА. 2-сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының үш ауылында күшті желден болған апаттан тоқ үзілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 1-сәуірде 19 сағатта Үржар ауданында күшті желдің салдарынан (желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетті) үш подстанция апатты жағдайда автоматты үзілді. Таскескен (605 тұтынушы), Кировка (510) и Қарабұлақ (384) ауылдарында тұтынушылар тоқсыз қалды.

Сонымен бірге Таскескен ауылында мынадай ғимараттардың шатыры бүлінді: аурухана (460 шаршы метр), өндірістік-техникалық мектеп (750 шаршы метр) сондай-ақ, Алтынсарин атындағы орта мектеп (1000 шаршы метр) және Ахтанберді атындағы мектепте (1250 шаршы метр).

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Тұтынушыларды электр қамтамасыздығына қосу және материалдық шығынды анықтау шаралары бүгінге межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны