07.08.2006, 11:20 2998

Шығыс Қазақстан облыстық шекарашылар Ресей азаматынан 38 килограмм апиын тәркіледі

АЛМАТЫ. 7-тамыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облыстық шекарашылар Ресей азаматынан 38 килограмм апиын тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 5-тамызда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының "Шемонаиха" өткізу бекетінде Ресейге бет алған көліктерді тексеру барысында "Ауди" автокөлігінің жанармай құятын құтысынан 38 килограмм апиын жасырылған құпия қойма табылды.

Іс Шемонаиха аудандық ҰҚК-нің қызметкерлеріне өткерілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны