25.01.2010, 10:32 1709

Шығыс Қазақстан және Алматы облысында көктайғақ пен боран салдарынан жолдар жабылды

Шығыс Қазақстан және Алматы облысында көктайғақ пен боран салдарынан жолдар жабылды

Астана. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан және Алматы облысында көктайғақ пен боран салдарынан жолдар жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысында кешегі сағат 18.00-ден бері көктайғақ пен боран салдарынан Алматы-Өсукемен бағытындағы жолда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында кешегі сағат 19.00-ден бері боран салдарынан Таскескен-Бақты автожолының 78-187-ші шақырымында, Алматы-Өскемен тас жолының 615-1079-шы шақырымында, Семей-Қалбатау-Көкпекті, Қалжыр-Теректі, Күршім-Қалжыр тас жолының 0-98-ші шақырымында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны