03.01.2008, 11:13 1541

Шығыс Қазақстанда бірінші сынып оқушысы ит қауып қайтыс болды

Шығыс Қазақстанда бірінші сынып оқушысы ит қауып қайтыс болды

Семей. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстанда бірінші сынып оқушысы ит қауып қайтыс болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Большенарым ауылында болған. "1 қаңтарда аудандық орталық аурухананың хирургиялық бөліміне 7 жасар бала ит қауып алуға байланысты жеткізілген. Ит оның басынан, мойнынан, арқасынан , қолы мен аяғынан қауып алған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бала жарақат салдарынан сол күні көз жұмды.

Иттің иесі ауылдың 54 жастағы тұрығыны болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны