24.10.2011, 10:13 3904

Шығыс Қазақстанда болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Өртте қалған 30 жастағы әйелдің мәйіті ас үйдің еденінен табылды. Ал жеке басы анықталып жатқан екінші адамның мүрдесі бөлмедегі диван үстінен табылған. Үшеуі де алкогольді ішімдікке қатты мас болған. Көршілердің айтуынша, бұл жерде көбіне тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар жиналып, арақ ішетін болған.

Өскемен. 24-қазан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстанда болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое кентіндегі жер үйлердң бірінде болған өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылған. 36 жастағы үшінші ер адамды күйік шалған, ол ауруханаға барудан бас тартты.

Өртте қалған 30 жастағы әйелдің мәйіті ас үйдің еденінен табылды. Ал жеке басы анықталып жатқан екінші адамның мүрдесі бөлмедегі диван үстінен табылған. Үшеуі де алкогольді ішімдікке қатты мас болған. Көршілердің айтуынша, бұл жерде көбіне тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар жиналып, арақ ішетін болған.

Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлағандай, жыл басынан бері аймақ бойынша 44 адам, соның ішінде тұрақты мекенжайы жоқ 25 адам өрт құрбанына айналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны