21.05.2010, 10:58 2837

Шымкент пен Алматыда жедел жәрдем көліктерінің қатысуымен болған жол апаттарынан бір адам қаза тауып, тоғызы ауруханаға жатқызылды

Шымкент пен Алматыда жедел жәрдем көліктерінің қатысуымен болған жол апаттарынан бір адам қаза тауып, тоғызы ауруханаға жатқызылды

Астана. 21 мамыр. Kazakhstan Today - Шымкент пен Алматыда кеше жедел жәрдем көліктерінің қатысуымен болған жол апаттарынан бір адам қаза тауып, тоғызы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Шымкентте сағат 06.15-те Аймауытов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында "Мерседес" жедел жәрдем көлігі мен "Дэу" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 44 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды; оның екі жолаушысы мен 30 жастағы "Дэу" жүргізушісі және 40 жастағы оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Алматының Алатау ауданында Рысқұлов даңғылы мен Тілендиев көшелерінің қиылысында сағат 23.53-те "Ниссан" жедел жәрдем көлігі мен "Тойота" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 50 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны