13.06.2008, 10:19 1185

Шымкент пен Талдықорғанда екі адам суға батып кетті

Шымкент пен Талдықорғанда екі адам суға батып кетті

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент пен Талдықорғанда екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Талдықорған қаласында 12 маусымда 16 сағат 10 минутта 14 жасар бозбала Қаратал өзеніне батып кетті.

Сондай-ақ, Шымкентте Қайтпас-1 ауылындағы карьерде 11 маусымда 20 сағат 30 минутта 19 жасар бозбала суға батып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны