23.10.2009, 10:54 1676

Шымкент пен Таразда Ауғанстанда болған жер сілкінісінің дүмпулері сезілді

Шымкент пен Таразда Ауғанстанда болған жер сілкінісінің дүмпулері сезілді

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Шымкент пен Таразда Ауғанстанда болған жер сілкінісінің дүмпулері сезілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институтының мәліметінше, бүгін түнде сағат 01.53-те Ауғанстан аумағында энергетикалық классы К=15,0 болатын жер сілкінісі тіркелді. Сілкініс ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 900 шақырымда болған. Жер асты дүмпулері Шымкент пен Таразда сезілді, оның қуаты MSK-64 шкаласы бойынша 2 балл болды. Құрбан болғандар мен қираулар жоқ.

"Сейсмология институтының" мәліметінше, "2009 жылдың қазан айының 22 мен 28 аралығында Алматы прогностикалық полигоны аумағында Рихтер өлшемі бойынша магнитудасы 5,5 жер сілкінісі болмайды (MSK-64 шкаласы бойынша 7 балл)".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны