26.01.2009, 09:52 1592

Шымкент пен Жамбыл облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Шымкент пен Жамбыл облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Астана. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент пен Жамбыл облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Т. Рысқұлов атындағы ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 432-ші шақырымында 25 қаңтарда сағат 11.00-де "Ниссан" және "Даймлер Бенц" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан "Ниссан" көлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында жан тапсырды.

Сондай-ақ, Шымкентте Воровской көшесінде темір жол өткелінде 26 қаңтарда сағат 01.45-те "БМВ" көлігі тауар тиеген темір жол құрамымен соқтығысты. Соның салдарынан көлік жанып кетті. Көліктен екі адамның мәйіті табылды. Өрт сөндірілді. Темір жолда қозғалыс бөгелген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны