18.02.2011, 18:24 3531

Шымкент тұрғыны 10 жастағы қызын зорламақ болған адамды өлтірді

Шымкенттің тұрғыны 10 жастағы қызын зорламақ болған адамды өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкент. 18 - ақпан. Kazakhstan Today - Шымкенттің тұрғыны 10 жастағы қызын зорламақ болған адамды өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылы 17 ақпан күні Шымкент қаласы Абай аудандық ІІБ-на, Шымкенттегі үйлердің бірінде 40 жастағы ер өлген адамның денесі табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

"Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында, бірге тұрған 1972 жылғы әйелді қолға түсірген. Азаматша қылмыс жасағанын мойындаған. Белгілі болғаны, жәбірленуші сол кезде күдіктінің 10-жастағы қызын зорламақ болған", - деп айтылған хабарламада.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті сол кезде ашуға булығып жәбірленушінің басынан балтамен бірнеше рет ұрған.

"Қазақстан республикасы ҚК 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті УҰИ қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп айтылған хабарламада.

Қазақстан республикасы ҚК 96 бабы 6 дан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру санкциясын қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны