24.01.2008, 18:32 2749

Шымкенте бір алаяқ 6508 млн теңгеге 93 несиені иемденіп кеткен

Шымкенте бір алаяқ 6508 млн теңгеге 93 несиені иемденіп кеткен

Шымкент. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Шымкентте 6,5 млн теңге мөлшерінде ірі несиені иемденген алаяққа қатысты тергеу ісі аяқталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер бөлімінің департаменті бастығының орынбасары Батырбек Отыншиев хабарлады.

"Өткен жылдың наурыз айында 27 жастағы Ақтөбенің бір пысық тұрғыны айла-амалдармен Шымкенттегі банктердің бірінен несиелік бағдарламасына кіріп, үшінші жақтағы адамдардың атына 93 несиені рәсімдеп, 6 млн 508 мың теңгені иемденген", - деп хабарлады полковник Отыншиев.

Б. Отыншиев айтқанындай, бұл іске қатысты тергеу ауыр болып, жарты жылға созылды. Өйткені, күдікті банк саласының қызметкері болмаған және осы істі жүзеге асыру үшін арнайы Шымкентке келген. Ақшаны иемденіп алғаннан соң ол ізін жасырып кеткен.

"Оны Ақтөбеде құрықтады. Қазіргі кезде оған ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабаның 3 тармағы "б" тармақшысы (ірі көлемде алаяқтық) бойынша айып тағылып отыр. Іс аяқталып, Ил -Фараби ауданының сотына тапсырылып, бүгінгі кезде іс қаралып жатыр", -деді Б. Отыншиев.

ОҚО ІІБ тергеу басқармасының мәліметтері бойынша, өткен жылдың 12 айында тергеу бөлімшесі саласында 6 мың 570 қылмыстық іс өндірісте болған. Бұл өткен жылмен сәкестендірілгенде 25,4 % кеміп, 1253 істі құрады. Полковник Отыншиевтің берген түсініктемесі бойынша, мұндай көрсеткіштердің төмендеуіне былтырғы жылы полиция тарапынан "тіркелген қылмыстардың 22 % азайғандығымен байланысты".

Өндірісте болған қылмыстың істер мен біріктірілген қылмыстық істердің 56 % немесе 3 мың 681 аяқталып, оның 96,5% сотқа айыптық қорытындысымен жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны