12.04.2010, 18:24 3427

Шымкентте 19 адам үй консервінен уланды

Шымкентте 19 адам үй консервінен уланды

Шымкент. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Шымкентте тамақтан уланған 18 адам ауруханаға жеткізіліп, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі төрағасының орынбасары Наталья Бабякинаға сілтеме жасап.

"Жұма-сенбі күндері жұқпалы аурулар ауруханасына 18 адам жеткізілді, тағы бір адам ауруханаға жетпей көз жұмды", - деді Н. Бабякина.

Қайтыс болған адам мен тағы да 13 адам Шымкенттегі бір ықшамауданда құрылыста жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары, ал қалғандары - жергілікті тұрғындар. Ауруханаға жатқызылғандардың бәрі де ботулизммен ауырған деген күдік бар.

"Бүгін біз науқастарға барып қайттық, олардың бәрінің жағдайы тұрақтанды, оң ағым байқалуда, және бүгін олар жан сақтау бөлімінен ауыстырылады", - деді Н. Бабякина.

Оның айтуынша, зардап шеккендер үй консервімен тамақтанған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны