10.12.2007, 11:01 1828

Шымкентте "31 канал" телеарнасы филиалының журналисі жол апатынан қаза тапты

Шымкентте "31 канал" телеарнасы филиалының журналисі жол апатынан қаза тапты

Шымкент. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте "31 канал" телеарнасы филиалының журналисі - 35 жастағы Жібек Османова жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Ийел "Хюндай" көлігінің тізгінінде отырған. Көлігін басқара алмай қалған болуы керек, машина жолдың жиегіне шығып, бағанға соғылған. Ж. Османова оқыс оқиға орнында жан тапсырды", -деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз Салтанат Қаракөзова.

Ж. Османованың жанында оның әріптесі, "Юмакс" радиосының журналисі де болған. Ол көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жібек Османова танымал журналист еді. Ол бірнеше жыл бойы "Юмакс" радиостанциясында істеген, ал кейінгі кезде "31 канал" телеарнасының Шымкенттегі филиалының журналисі болған. Бұған қоса Ж. Османова қамаудан босап шыққан адамдарға көмек көрсететін "Добрая воля" атты бейресми ұйымды басқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны