19.12.2008, 18:50 2741

Шымкентте 47 жастағы ер адам кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды

Шымкентте 47 жастағы ер адам кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды

Алматы. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте ОҚО ІІД криминалдық полициясы мен Түркістан ІІБ-ның қызметкерлері 47 жастағы ер адамды кісі өлтірді деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

40 жастағы жәбірленушінің мәйіті пышақ жарақаттарымен 12 желтоқсанда Түркістанда, "Азиз" базарының маңында "Русалочка" дәмханасының жанынан табылған болатын.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталған өзінің ақша мәселесіне байланысты туындаған дау-жаңжалдың салдарынан кісі өлтіргенін мойындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны