16.08.2007, 15:37 2531

Шымкентте 6 кг героинмен есірткі сатушы құрықталды, Павлодар облысында екі тұрғылықты тұрғыннан 100 кг жуық марихуана тәркіленді

Шымкентте 6 кг героинмен есірткі сатушы құрықталды, Павлодар облысында екі тұрғылықты тұрғыннан 100 кг жуық марихуана тәркіленді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. АСТАНА. Шымкентте 6 кг героинмен есірткі сатушы құрықталды, Павлодар облысында екі тұрғылықты тұрғыннан 100 кг жуық марихуана тәркіленді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел-тергеу тобы Шымкенттің тұрғынынан 6 кг жуық героин заңсыз сату кезінде құрықтады. "Аталмыш дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойныша (есірткі заттарын заңсыз сату, сатып алу, сақтау) қылмыстық іс қозғады. Ұсталған Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторына қамалды",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Павлодар облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасымен бірігіп жүргізген жедел іс-шаралары барысында Шідерті аулының екі тұрғынынан 99 кг салмақта марихуана тәркіледі. "Облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы ұсталғандардың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", деп қосты баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны