03.07.2006, 12:40 2951

Шымкентте Ақтөбе тұрғынынан 6 килограмм героин тәркіленді

АЛМАТЫ. 3-шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік-шығыс көліктегі ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Шымкентте Ақтөбе тұрғынынан 6 килограмнан астам героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік-шығыс көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, “Мак-2006” шарасының аясында 1-шілдеде Шымкент темір жол бекетінің перронында 34 жастағы еркек ұсталды. Тінту кезінде одан героин салынған 7 пакеті бар полиэтилен дорба табылып тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 6,2 килограмм болып шықты.

Алдын-ала тергеу барысында күдікті героин салынған дорбаны оған Орал есімді танысы бергенін хабарлаған. Есірткіні ол Шалқар бекетіне дейін жеткізіп, сол жерде есеп айырысуға тиіс болған.

Бұл дерек бойынша қазір тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу қапасына қамалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны